Маңғыстау көлік прокуратурасының қызметкері ұсталды

12 Қараша 2025

Бас прокуратураның хабарлауынша, қызметкер алаяқтық жасады деген күдікке ілінген.

Polisia.kz
Polisia.kz

– Қызметтік тәртіп бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау мақсатында, Бас прокуратураның ішкі қауіпсіздік департаменті Маңғыстау облысы бойынша ҰҚК департаментімен бірлесіп, 2025 жылғы 9 қарашада алаяқтық әрекеттер жасады деген күдікпен Маңғыстау көлік прокуратурасының қызметкері ұсталды, - делінген хабарламада.

Аталған қызметкер 2024 жылдан бері бала күтіміне байланысты еңбек демалысында болуына орай нақты қызметтік міндеттерін атқармаған.

Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Тегтер: