Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті
14 Қазан 2025
Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген екіжақты уағдаластықтардың орындалу барысын талқылады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы қараша айында Ресей Федерациясына жасайтын мемлекеттік сапарына дайындықтың кейбір аспектілері қарастырылды.