ҰҚК «Қазатомөнеркәсіп» басшысын ұстағанын мәлімдеді
25 Қараша 2026
23 қарашада ҰҚК «Қазатомөнеркәсіп» басқарма мүшесі Қ. Омарбековті және өзге де адамдарды ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады.
Олар «Самұрық-Қазынаның» бұрынғы басшылығы ұйымдастырған сыбайлас жемқорлық схемасына қатысты деген күдікке ілінген болатын.
Ұлттық қауіпсіздік қызметінің дерегінше, ҚР Қылмыстық кодексінің 367-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау және «Заң және Тәртіп»қағидатын сақтау аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстары жалғасады.
Похожие новости