Президент ауыл мектептерін жылдам интернетпен қамтуға 6 ай уақыт берді

5 Қазан 2023

Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық педагогтер съезінде еліміздегі барлық ауыл мектебіне жылдамдығы жоғары интернетті қолжетімді ету аса маңызды екенін жеткізді. Бұл Үкіметтің алдындағы шұғыл міндет екенін еске салды.

Президент ауыл мектептерін жылдам интернетпен қамтуға 6 ай уақыт берді

«Ауыл мектептерін жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз ету – Цифрлық даму министрлігіне де, облыс әкімдеріне де жүктелетін жауапкершілік. Алты айдан кейін берілген тапсырманың орындалуын тексеремін», – деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ білім беру жүйесін мүлде жаңа деңгейге шығару үшін ауқымды цифрлық трансформациялау жұмыстарын жүргізу керектігін атап өтті.

«Ең алдымен, 2027 жылға дейін интернет желісі әлі тартылмаған мектептердің бәрін жылдамдығы жоғары интернетке қосу қажет. Бұл ретте олардың әрқайсысында жергілікті желі орнатылуы керек», – деді Президент.

Тегтер: