Рим Папасы қайтыс болды
21 Сәуір 2025
Рим Папасы Франциск 88 жасқа қараған шағында көз жұмды, деп хабарлайды ТАСС.

VaticanNews мәліметінше, Рим папасы 2025 жылғы 21 сәуірде, дүйсенбі күні Ватикандағы Каса-Санта-Марта резиденциясында дүниеден озған.
Понтифик Франциск 1936 жылы 17 желтоқсанда Аргентинада дүниеге келген. 2013 жылғы 13 наурызда Рим папасы атанды. Сайланғанға дейін 1998—2013 жылдары Аргентинаның примасы және Буэнос-Айрестің архиепископы болды.
Кеше ғана Пасха жексенбісінде Папа Франциск дәстүрлі батасын беру үшін Ватикандағы Әулие Петр алаңына жиналған сенушілердің алдына шыққаны хабарланған еді.
Похожие новости