Самбодан Франциядағы халықаралық турнирде отандастарымыз 3 алтын жеңіп алды
15 Маусым 2025
Париж қаласында франциялық әйгілі жаттықтырушы Давид Херанның құрметіне арналған халықаралық самбо турнирі мәресіне жетті.

Қазақстан самбо федерациясынан мәлім еткеніндей, беделді жарыста отандастарымыз керемет нәтиже көрсетіп, ел намысын абыроймен қорғады. Қазақстандық самбошылар 3 алтын және 1 күміс медаль жеңіп алды. Атап айтқанда, Нұрбол Серіков, Қонысбай Махамбет, Арайлым Әбенова жеңіс тұғырынан көрінсе, Нұржан Жұмажан күміс жүлдеге ие болды.
Батысқазақстандық балуан Нұрбол Серіков 2018 жылы 68 келіге дейінгі салмақта әлем және Азия чемпионы атанғанын айта кетейік.
Похожие новости