Семсерлесуден әлем чемпионаты: қазақстандықтардың жекелей сындағы нәтижелері

27 Шілде 2026

Семсерлесуден Гонконгта өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жекелей сындардағы жарысын аяқтады.

ҚР ҰОК
Фото: ҚР ҰОК

Қазақстан құрамасы сапындағы ең үздік нәтижені семсерлесуші Кирилл Проходов көрсетті. Ол жарыстың 1/8 финалына дейін жетіп, қорытынды есепте 16-орынға тұрақтады. Руслан Курбанов 18-орынға ие болса, Ерлік Сертай 41-орыннан, Вадим Шарлаимов 50-орыннан көрінді.

Әйелдер арасындағы шпага сайысында Ирина Бакалдина 41-орынға тұрақтады. София Николайчук 49-шы, Владислава Андреева 71-ші, ал Дарья Самоделкина 114-ші орын алды.

Ерлер арасындағы рапира сайысында Тимофей Семенов 75-орынға ие болды. Ғалым Нұрымов 109-шы, Тамирлан Калиев 126-шы орынға жайғасты. Әйелдер арасындағы рапира бәсекесінде София Актаева 49-нәтиже көрсетсе, Алена Гноева 105-ші, Алина Искандерова 119-шы орын алды.

Сабля бәсекесінде сынға түскен қазақстандықтар да жүлдеге іліге алмады. Әйгерім Сарыбай 53-орынға, Карина Доспай 57-орынға, Анастасия Гулик 61-орынға, Қайша Жәнібек 77-орынға тұрақтады. Артем Саркисян 51-орынға ие болса, Қуаныш Ерғашбай 53-ші, Анзарбай Саттархан 56-шы, Нұрмұхаммед Жайлыбай 79-шы орыннан көрінді.

Айта кетейік, ертең, 28 шілдеде әлем чемпионатында командалық жарыстар басталады.

Тегтер: