Сыртқы істер министрлігі Сауд Арабиясындағы қазақстандықтарға қатысты мәлімдеме жасады
13 Қазан 2026
ҚР СІМ Сауд Арабиясының азаматтық инфрақұрылымына жасалған шабуылдарға байланысты аталған елдегі Қазақстан азаматтарын қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.
Бұл жөнінде министрліктің ресми өкілі Жанболат Үсенов Telegram-арнасында жариялады.
Атап айтқанда, Сыртқы істер министрлігі:
- сақтық шараларын қатаң сақтап, жергілікті билік органдарының нұсқауларын орындауды;
- нақты қажеттілік болмаса, әуежайларға бармауды, рейстердің мәртебесін әуекомпаниялардан алдын ала нақтылауды;
- адамдар шоғырланған орындар мен қауіптілігі жоғары нысандардан аулақ болуды;
- шұғыл емес сапарларды мүмкіндігінше кейінге қалдыруды ұсынады.
Сонымен қатар, төтенше жағдайға тап болған жандар ҚР-ның Эр-Риядтағы Елшілігіне немесе ҚР-ның Жиддадағы Бас консулдығына хабарласуы қажет.
Жедел байланысқа арналған телефон нөмірлері:
Эр-Рияд қаласындағы консул: +966 55 663 01 77.
Жидда қаласындағы консул: +966 53 275 80 80.
Похожие новости