Солтүстік Кипрде жарақат алған бойжеткен Қазақстан азаматы емес – ҚР СІМ
4 Тамыз 2026
Солтүстік Кипрде пышақ жарақатын алып, ауруханаға түскен 22 жастағы бойжеткеннің Қазақстан азаматы еместігі анықталды.
ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, зардап шеккен қыз Қазақстанда туғанымен, Қырғыз Республикасының азаматтығын алған.
– Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Солтүстік Кипрде болған оқиғада зардап шеккен азаматқа қатысты келесіні хабарлайды. Мәліметтерді нақтылау барысында зардап шеккен азаматтың Қазақстанда туғаны, алайда оның Қырғыз Республикасының азаматы екені анықталды, – деп жазылған ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде.