Үкімет басшысы заң жобаларының сапалы әзірлеуін бақылауда ұстауды тапсырды

30 Желтоқсан 2025

Заң жобаларын келісу барысында басы артық бюрократиядан арылу қажет. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов айтты.

gov.kz
gov.kz

- Келесі жылы барлығы 12 заң жобасын әзірлеу көзделген. Осыған байланысты мына мәселелерге назар аудару қажет. Мемлекеттік органдардың бірінші басшылары әрбір заң жобасының сапалы әзірленуін және олардың Мәжіліске уақтылы енгізілуін қатаң бақылауда ұстасын, - деді Үкімет басшысы.

Премьер-министр мемлекеттік органдардың арасында ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ету маңызды екенін атап өтті. Заң жобаларын келісу барысында басы артық бюрократиядан арылып, жедел жұмыс істеу керектігіне назар аудартты.

- Әділет министрлігі Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігінің және Үкіметтің заңнамалық тапсырмаларына жыл бойы мониторинг жүргізіп отыруға тиіс. Олардың белгіленген тәртіппен жоспарлы немесе бастамашылық жасалған заң жобаларына енгізілуін қамтамасыз ету қажет, - деді Олжас Бектенов.

Осыдан кейін Премьер-министр Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2026 жылға арналған жоспарының жобасын мақұлдауды ұсынып, ол қолдау тапты.

- Жоспардың орындалуын жалпы бақылау мен үйлестіру Әділет министрлігіне жүктеледі, - деді Үкімет басшысы.

Тегтер: