Ақмарал Ерекешева Испанияның клубтық чемпионатында қос жүлдеге ие болды
Маусым 8, 2026, 7:02 Т.Қ.
Қазақстандық гимнаст халықаралық турнирде екі рет қола жүлдеге ие болды.
Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының өкілі Ақмарал Ерекешева Овьедо қаласында өткен Испанияның клубтық чемпионатында екі медаль жеңіп алды.
Ерекешева шығыршықпен жаттығуда 29.700 ұпай жинады. Ал лентамен өнер көрсетуде төрешілер қазақстандық спортшыға 27.600 ұпай берді.
Айта кетейік, құрамында Ақмарал Ерекешева өнер көрсеткен «Gimnasia Chiclana» клубы жалпы есепте төртінші орын алды.