Ақтау – Қызылорда – Ақтау бағыты ашылды
Маусым 11, 2026, 7:26 Т.Қ.
Қызылорда облысының көлік-логистикалық әлеуетін арттыру мақсатында Сыр өңірінен Маңғыстауға жаңа әуе бағыты ашылды.
Қорқыт ата атындағы халықаралық Қызылорда әуежайынан хабарлағандай, SCAT әуе компаниясы 20 маусымнан бастап Ақтау – Қызылорда – Ақтау бағыты бойынша тұрақты әуе рейсін іске қосады.
- Рейсті Boeing әуе кемесі орындайды. Ұшақ аптасына екі рет – сәрсенбі және сенбі күндері қатынайды. Кестеге сәйкес ұшақ Қызылорда әуежайына сағат 16:00-де қонып, 17:00-де Ақтауға қайтадан аттанады, - делінген хабарламада.
Әуе байланысы екі облыстың арасындағы жолды қысқартуға, туристік және іскерлік қарым-қатынасты жандандыруға бағытталған.