Алматының Алмалы ауданындағы үш көшеде біржақты қозғалыс енгізіледі

Маусым 25, 2026, 5:25 Т.Қ.

Алматының Алмалы ауданындағы бірнеше көшеде 25 маусымнан бастап біржақты қозғалыс енгізіледі. Бұл туралы қалалық Жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасының өкілдері хабарлады.

Фото: Алматы әкімдігі

Жаңа схемаға сәйкес:

  • Прокофьев көшесінде Абай даңғылынан Кіші Абай көшесіне дейінгі аралықта — солтүстік бағытта;
  • Кіші Абай көшесінде Прокофьев көшесінен Брусиловский көшесіне дейінгі аралықта — шығыс бағытта;
  • Түркебаев көшесінде Сәтбаев көшесінен Төле би көшесіне дейінгі аралықта — солтүстік бағытта біржақты қозғалыс ұйымдастырылады.

Бұл өзгерістер көшеде көліктің көптеп жүру қабілетін арттыруға, көлік жүктемесін азайтуға және жолдағы қауіпті жағдайдың алдын алуға бағытталған.

— Шешім көлік легіне жүргізілген талдау мен аудан тұрғындарының өтініші негізінде қабылданды. Мамандардың айтуынша, жаңа схема көлік қозғалысын реттеп, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді, — деп хабарлады ведомство.

Жоба пилоттық режимде жүзеге асырылады. Оның тиімділігіне жүргізілетін мониторинг қорытындысы бойынша жол қозғалысын одан әрі ұйымдастыруға қатысты қосымша шешімдер қабылданады.

Теги: