Махмұд Сабырхан Азиаданың қола жүлдегері атанды

Қыр. 30, 2026, 6:19 Т.Қ.

Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында бокстан жартылай финалдық жекпе-жектер өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Фото: ҚР ТСМ Дене шынықтыру комитеті

2 дүркін әлем чемпионы, 55 келідегі Махмұд Сабырхан 1/2 финалда Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері Карло Пааламмен өзара мықтыны анықтады. 3 раунд бойы жоғары қарқында өткен айқаста 2:3 есебімен жеңіс қарсыласқа кетті.

Алда әлі Төрехан Сабырхан (70 келі) шаршы алаңға шығады.

Теги: