Нұрасыл Аманалы Моңғолиядағы рейтингтік турнирде күміс медальға ие болды

Маусым 5, 2026, 3:50 Т.Қ.

Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан рейтингтік турнирде күміс жүлдеге қол жеткізді.

Фото: ҰОК

97 келіге дейінгі салмақта Нұрасыл Аманалы финалға дейін жетті. Алтын медаль үшін өткен белдесуде ол үндістандық Нитешпен күш сынасты.

Тартысты кездесуде 13:9 есебімен үндістандық балуан жеңіске жетті. Осылайша, Нұрасыл Аманалы турнирдің күміс жүлдегері атанды.

Теги: