Жібек Құлымбетова джиу-джитсудан Азиаданың қола жүлдесін жеңіп алды

Қаз. 1, 2026, 8:05 Т.Қ.

Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында джиу-джитсудан алғашқы жүлде жиынтықтары сарапқа салынып жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Фото: Ұлттық олимпиада комитеті

Әйелдер арасында 48 келідегі Жібек Құлымбетова 3-орын үшін өткен белдесуде Оңтүстік Корея спортшысы Хуивон Жангпен кездесіп, 2:2 есебімен тең түсті. Бірақ шабуылдағы белсенді әрекеті үшін жеңіс отандасымызға жеңіс берілді.

Теги: