2025 жылы медианалық жалақы 317 мың теңге болды
Өткен жылы медиана жалақысы, яғни жалақы мөлшерінің тең жартысынан жоғары және керісінше төмен болатын орталық көрсеткіш 285 677 теңге болған, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.

2025 жылдың сәуір айында Бюро жалақы мөлшері бойынша жыл сайынғы қызметкерлердің жалақысын бөлу зерттеуін жүргізді. Бұл зерттеу бір айда толық жұмыс істеген жұмысшыларды қамтыды, соның ішінде барлық ірі кәсіпорындар мен ірі кәсіпкерлік қызметпен айналыспайтын орта және шағын кәсіпорындардың 30% іріктеп алынды.
Сәуір айына қатысты нақты жалақы туралы мәліметтер барлық қосымша төлемдер, үстемақылар, сыйақылар, салықтар мен зейнетақы аударымдарын есепке алды. Зерттеу қорытындысы бойынша толық ай жұмыс істеген жұмысшылар саны аталған кәсіпорындарда 3 338,3 мың адамды құрады, олардың 48,5%(1 620,7 мың адам) ер адамдар, 51,5% (1 717,6 мың адам) — әйелдер.
— 2025 жылғы зерттеу нәтижесінде жұмысшылардың медианалық жалақысы 317 512 теңгені құрады. Өткен жылы медиана жалақысы, яғни жалақы мөлшерінің тең жартысынан жоғары және керісінше төмен болатын орталық көрсеткіш 285 677 теңге болған. Осылайша, медиана жалақысының мөлшері бір жыл ішінде 11,1% өскен. Орта білімді жұмысшылардың ай сайынғы орташа жалақысы — 289 673 теңге, жоғары білімділердікі — 497 563 теңге, ал жоғары оқу орнынан кейінгі білім деңгейіндегі қызметкерлердің жалақысы — 672 493 теңге болды, — делінген бюро таратқан ақпаратта.