Алматыдағы өрт кезінде балаларды құтқарған Түркия азаматы марапатталды
5 Тамыз 2023
Түркия елінің азаматы Шүкір Гүнай Алматыдағы Түркияның Бас консулдығында марапатталды.
Белгілі болғандай, Шүкір Гүнай «Ақкент» тұрғын үй кешеніндегі жантүршігерлік өрт кезінде 16-қабатта қою қара түтінyің арасында қалып қалған әйелді үш баласымен бірге құтқарған.
«Алматыдағы өрт кезінде анасы мен үш баласын құтқарған біздің азаматымыз — Шүкір Гүнайға және басқа да азаматтарға адами құндылықтарға бай түрік-қазақ бауырластығына қосқан үлесі үшін алғыс айтамыз», — делінген Алматыдағы Түркия бас консулдығының хабарламасында.
Похожие новости