Астанадағы тұрғын үйдің лифт шахтасында өрт болып, тұрғындар эвакуацияланды
3 Наурыз 2026
Төтенше жағдайлар министрлігі өрт сөндірушілері Астанадағы 21 қабатты тұрғын үйде шыққан өртті толық сөндірді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
— Оқиға Сарайшық ауданындағы Т. Жүргенов көшесінде орналасқан үйде болған. Алғашқы бөлімшелер келген кезде кіреберісті қалың түтін басқаны анықталды. Тұрғындар өздігінен эвакуацияланған. Нақтыланған мәліметке сәйкес, өрт 6-қабатта лифтінің ағаш қаптамасы мен электр кабелінің жануынан шыққан. Жалын 2 шаршы метр аумақты шарпыған, — делінген хабарламада.
Зардап шеккендер туралы ақпарат «112» пультіне түскен жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.