Атырау қаласының бұрынғы әкімі Қайрат Оразбаев ұсталды
10 Қараша 2023
Ол «Алаяқтық» бойынша (190-бап, 4-бөлігі 2-тармағы) күдікке ілінген.
Қазір «алаяқтық белгілері бойынша Атырау қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр».
«2020-2022 жылдары әкімдіктің лауазымды тұлғалары жеке тұрғын үй құрылыстары үшін рекреациялық аймақтарға (жасыл желек аймақтары, саябақтар, скверлер, жағалаулар және тағы басқа) жататын жер учаскелерін заңсыз бергені анықталды», — деп жазылған прокуратура хабарламасында.
Похожие новости