Елдос Сметов 2026 жылғы Азиаданың финалына өтті
30 Қыркүйек 2026
Дзюдодан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Елдос Сметов Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының жартылай финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.
Қазақстандық дзюдошы 60 келіге дейінгі салмақтың ½ финалында Қытайлық Тайбэй өкілі Ян Юнвэймен кездесті.
Белдесуде отандасымыз «вазари» ұпайымен жеңіске жетті.
Елдос Сметовтың финалдағы қарсыласы жапониялық Хаято Кондо болмақ.