Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарында Вьетнамды жеңді

23 Қыркүйек 2026

Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы 2026 жылғы Азия ойындарында Вьетнамнан басым түсті.

ҰОК
ҰОК

Кездесу барысында ел құрамасы жинақы қимыл көрсетті. Алғашқы кезеңде қарсыластар терезе тең деңгейде ойнай білді. Нәтижесінде бұл кезеңде 14:14 есебі тіркелді.
Екінші кезеңде қазақстандық гандболшы қыздардың басымдығы байқалып тұрды. Бұл олардың жеңіске жетуіне өз септігін тигізді.

Осылайша отандастарымыз қарсыласынан 29:25 есебімен басым түсіп, дүбірлі додадағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Ел құрамасы Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай, Гонконг, Өзбекстан және Вьетнаммен сынға түсіп жатыр.

Қазірге дейін олар Оңтүстік Кореяға 18:42, Қытайға 24:34 есебімен есе жіберді.
Енді олар 23 қыркүйекте Гонконг, 25 қыркүйекте Жапония, 26 қыркүйекте Өзбекстан құрамаларымен сынға түседі.

Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы 2002, 2006 жылдары Азия ойындарында күміс жүлдегер атанды.

Тегтер: