Гимнастикадан Венгриядағы Challenge Cup кезеңінде ел намысын кімдер қорғайды
15 Қыркүйек 2026
18-20 қыркүйек аралығында Венгрияның Сомбатхей қаласында спорттық гимнастикадан Challenge Cup турнирінің кезекті кезеңі өтеді.
Қазақстан құрамасы сапында жарысқа бес спортшы қатысады.
Құрама сапына енген гимнасшылар:
- Асан Салимов (еркін жаттығу, сақиналардағы жаттығу, қол тіреп секіру);
- Эмиль Ахмеджанов (еркін жаттығу, қоссырық және кермедегі жаттығу);
- Дияс Тойшыбек (ат үстіндегі жаттығу, қоссырық және кермедегі жаттығу);
- Зейнолла Ыдрысов (ат үстіндегі жаттығу);
- Алтынхан Темірбек (сақиналардағы жаттығу, қол тіреп секіру).
Жарыс 20 қыркүйекте аяқталады.
Похожие новости