Қазақстанда 20,8 млн тонна астық бастырылды
Бұл мәліметтердің ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі келтірді.

Минитсрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың болжамды жинау алаңы 16 млн гектардан асады. Бүгінгі таңда 13,3 млн гектар немесе жалпы егіс алқаптарының 83%-ы жиналды. Нәтижесінде 20,8 млн тонна астық бастырылды.
Дәнді дақылдардан бөлек, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 1,4 млн тонна майлы дақыл, гектарына 228,2 центнер өнімділікпен 2,5 млн тонна картоп және гектарына 307,2 центнер өнімділікпен 3,5 млн тонна көкөніс жинады.
Атап айтқанда, 324,1 ц/га өнімнен 428,5 мың тонна қырыққабат, 441,0 ц/га өнімнен 1000,9 мың тонна пияз, сондай-ақ 287,9 ц/га өнімнен 355,2 мың тонна сәбіз жиналды.
-Егін жинау науқаны ұйымдасқан түрде, агротехникалық талаптарға сай мерзімде өтіп жатыр, -делінген хабарламада.