Қазақстанда 340 елді мекенді су басу қаупі жойылды

4 Сәуір 2022

2021-2023 жылдарға арналған су тасқынына қарсы іс-шаралардың Жол картасы шеңберінде 2021 жылы іске асыру жоспарланған 68 іс-шараның 33-і орындалды, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Ақтөбе облысының республикалық маңызы бар жолдарының 2 учаскесінде, сондай-ақ Ақтөбе, Қарағанды, Батыс Қазақстан және Ақмола облыстарының облыстық және жергілікті маңызы бар 14 учаскесінде су тасуда.

Осы жұмыстарға ТЖМ, ІІМ, ҰҚК ШҚ, ЖАО 2 229 адам, 489 бірлік техника, 238 су айдау құралы және 27 жүзу құралы жұмылдырылды. Оның ішінде ТЖМ жеке құрамынан 974 адам, 117 бірлік техника, 145 су айдау құралы, 21 жүзу құралы жұмылдырылған.

#menaitamyn #sentynda

Қазақстанда 340 елді мекенді су басу қаупі жойылды
Тегтер: