Қостанайда такси жүргізушісі зейнеткерді алаяқтардан құтқарып қалды

16 Қыркүйек 2023

14 қыркүйек күні Лисаков қаласында такси жүргізушісі Серік Нағашыбаевқа 80 жастағы зейнеткерден заттар салынған сөмкені Рудныйға жеткізу жөнінде тапсырыс түскен. Қызметіне 8 мың теңге беремін деген.

Қостанайда такси жүргізушісі зейнеткерді алаяқтардан құтқарып қалды

Такси жүргізушісі сөмкені алуға барғанда қария қызының қиын жағдайға тап болғанын және тез арада заттарын жеткізу керектігін айтқан.

Серік Нағашыбаев тапсырыс берілген сомаға күдіктеніп, тәртіп сақшыларына жүгінген.

Белгілі болғанындай, зейнеткер такси арқылы алаяқтарға 3 миллион теңге беріп жібермек болған. Ал таксиді алаяқтардың өздері шақырып берген.

Қызында бәрі жақсы екені анықталды. Ақша зейнеткерге қайтарылды.

Қазіргі таңда полиция алаяқтарды іздестіріп жатыр.

Тегтер: