Қызылорда облысында жоғалған 7 жасар қыздың денесі табылды

7 Тамыз 2023

Әкесінің айтуы бойынша, қызы 6 тамыз күні кешкі уақытта үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.

Қызылорда облысында жоғалған 7 жасар қыздың денесі табылды

Ата-анасы мен туыстары оны өз бетімен табуға тырысқан. Алайда іздеу жұмыстары нәтиже бермеген соң, полицияға жүгінген.

Хабарлама түскен сәттен бастап полиция қызметкерлері дереу іздеу жұмыстарына кірісті.

Бүгін сағат 13:00 шамасында қыздың мәйіті «Үбіс» каналынан табылды. Зорлық-зомбылық белгілері байқалмады.

Алдын ала мәлімет бойынша, қыз каналдағы суға түсіп кеткен.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Тегтер: