Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманзаипов қызметінен босатылды

26 Тамыз 2023

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов қарамағындағылар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша тиісті жұмыс жүргізбегені үшін осындай әрекетке барған.

Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманзаипов қызметінен босатылды

«Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Павлодар қаласының активімен кездесу өткізіп, оның қорытындысы бойынша қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және ескерту жұмыстарының тиісінше ұйымдастырылмауына, қала тұрғындары үшін облыс орталығын дамыту және абаттандыру жөніндегі маңызды жобалардың іске асырылуына қажетті бақылаудың болмауына, қала әкімдігінің Павлодар қаласының тұрғындарымен коммуникациясының әлсіреуіне байланысты Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманзаиповты лауазымынан босату туралы шешім қабылданғанын мәлімдеді», — делінген хабарламада.

Тегтер: