Пошта және курьерлік қызметтердің ең көп көлемі Алматыда тіркелді
2026 жылғы қаңтар-тамызда Қазақстанда көрсетілген пошта және курьерлік қызметтердің көлемі 57,2 млрд теңге болып, 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,1%-ға өсті.
Оның ішінде 13,4 млрд теңге халыққа көрсетілген қызметтерге тиесілі.
Өңірлер бөлінісінде пошта және курьерлік қызметтер көлемінің ең жоғары үлесі Алматы қаласына — 58,7%, Астана қаласына — 13,2% және Қарағанды облысына — 3,2% тиесілі.
Ауылдық жерлерде есепті мерзімде көрсетілген қызметтердің көлемі 2,0 млрд теңге.
Пошта және курьерлік қызметтердің ең жоғары көлемі Алматы қаласында тіркелді — 33,6 млрд теңге. Одан кейін Астана қаласы — 7,6 млрд теңге және Қарағанды облысы — 1,8 млрд теңге.
Пошта және курьерлік қызметтердің негізгі түрлеріне пошта және арнайы жөнелтілімдерді, оның ішінде сәлемдемелерді, бандерольдерді және хат-хабарларды қабылдау, өңдеу, тасымалдау және жеткізу, сондай-ақ курьерлік жеткізу қызметтері жатады.