Президент бірқатар судьяны тағайындау және қызметінен босату туралы жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы соттарының төрағаларын, сот алқасы төрағасын және судьяларын қызметке тағайындау және босату туралы жарлыққа қол қойды.

Тағайындалған судьялар:
Астана қаласы
Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот — Жақұпбекова Қарлығаш Еркебекқызы;
Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сот — Жапарбек Ақжол Мақұлбекұлы;
Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот — Қамыспаев Дамир Мұхтарұлы.
Алматы қаласы
Алмалы ауданы № 2 аудандық соты — Ақпаева Жанна Жұматайқызы;
Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот — Қасенова Әсел Бекболатқызы;
Әуезов аудандық соты — Жұбатыров Жанмедет Сәбитұлы; Оспанова Мөлдір Беркінқызы;
Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот — Амангелдиев Алишер Тимурұлы; Оспан Арман Құдайбердіұлы;
Тергеу соты — Бейсекенов Ескендер Мұхтарұлы;
Медеу аудандық соты — Акишов Азамат Жексембайұлы; Ауғамбаев Нұржау Нұрмұхамбетұлы;
Медеу ауданы № 2 аудандық соты — Хусаинов Жасұлан Қашкенұлы;
Түрксіб аудандық соты — Камал Мәди Батыржанұлы.
Шымкент қаласы
Азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сот — Исалиев Әділхан Сүндетұлы;
Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі сот — Сапар Қуанышбек Абайұлы;
Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сот — Насиров Аян Сейдаліұлы; Сейсентаев Олжас Дәулетбайұлы.
Абай облысы
Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот — Мерғембаев Бейбіт Берғалиұлы;
Көкпекті аудандық сот — Оразғалиев Боранбай Қалибекұлы;
Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот — Қайырдинов Жарқын Нұржанұлы;
Семей қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты — Қалиева Айгерім Нұралықызы;
Ақмола облысы
Көкшетау қалалық соты — Байғазина Динара Еділқызы;
Степногор қалалық соты — Ақышев Мұқағали Бауыржанұлы;
Ақтөбе облысы
Ақтөбе қаласы № 2 соты — Нұрниязов Бек Атымтайұлы
Байғанин аудандық соты — Алимбеков Нұрсұлтан Мекембайұлы
Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот — Есенаманова Айгерім Нұрланқызы, Қалиева Бақытгүл Ізмұханқызы, Табанов Серік Қуанышқалиұлы;
Мұғалжар аудандық соты — Қадыров Нұрлыбек Ұлықпанұлы;
Хромтау аудандық соты — Жәмілов Нұрсұлтан Сүлейменұлы;
Алматы облысы
Кеген аудандық соты — Сейтжанов Талғат Орақбайұлы;
Талғар аудандық соты — Сраилов Төлебек Тұрапұлы;
Іле аудандық соты — Кетебаев Захид Мәдетбайұлы;
Атырау облысы
Атырау қаласы № 2 соты — Алтыналиева Мөлдір Дәулетбекқызы, Ишахатова Айгерім Әділқызы;
Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты — Құралбеков Асылжан Сейітжапарұлы;
Жылыой аудандық соты — Аязов Алмас Құралбекұлы, Қонысбаев Жақсылық Жахангерұлы;
Индер аудандық соты — Күлманова Аида Жалғасбекқызы;
Батыс Қазақстан
Орал қалалық соты — Жұмағұлова Айзада Бөгенбайқызы, Мусина Айнар Исатайқызы;
Жамбыл облысы
Жамбыл аудандық соты — Парманқұлов Бекжан Салкенұлы;
Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот — Құттыбаева Зарина Қадырбекқызы;
Тараз қаласы № 2 соты — Рысқұл Назерке Абзалбекқызы;
Жетісу облысы
Ақсу аудандық соты — Ахат Темірлан Қайратұлы;
Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот — Сүлейменова Гүлжан Есентайқызы.
Қарағанды облысы
Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданының соты — Игнатов Иганат Азаматұлы;
Қазыбек би ауданы № 2 аудандық сот — Масалимова Айгерім Қуанышқызы;
Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот — Маймақова Әлия Бақытжанқызы.
Қостанай облысы
Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот — Құдабаева Сәуле Айтмолдинқызы;
Сарыкөл аудандық соты — Төменов Қайрат Серікұлы.
Қызылорда облысы
Қызылорда қалалық соты — Әбдіразахов Азат Бисенбекұлы, Қарыбаева Лаура Мамытбекқызы, Садуақасова Камшат Әшімқызы (Арал аудандық сотының төрағасы қызметінен босатылып, Қызылорда қалалық сотына ауыстырылды);
Шиелі аудандық соты — Жақсылықов Әл-Фараби Рашитұлы.
Маңғыстау облысы
Ақтау қалалық соты — Әжібаев Мұхтар Сұлтанұлы;
Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот — Худибаева Айгүл Нұрдәулетқызы.
Павлодар облысы
Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот — Әлмұхамбетова Динара Нұрмағамбетқызы;
Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот — Мырзабекова Айжан Мұхамеджанқызы.
Солтүстік Қазақстан облысы
Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот — Оспанбаева Әсел Қайратқызы.
Түркістан облысы
Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот — Өмірбай Нұрсұлтан Әбілқасымұлы;
Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот — Құлдасов Ғани Айнолтұлы;
Сарыағаш аудандық соты — Ағыбаева Маржан Әкімбекқызы;
Түркістан қаласының ауданаралық соты — Байдуашов Дархан Қалдыбайұлы, Бақтыбай Асқар Бақтыбайұлы, Қойшыманов Санжар Ғалымжанұлы;
Ұлытау облысы
Қаражал қалалық соты — Дүйсембина Сәуле Жанұзаққызы;
Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот — Төртбаева Бибігүл Терлікқазықызы.
Шығыс Қазақстан облысы
Алтай ауданы соты — Сүлейманова Бақытгүл Қабдуқаметқызы;
Глубокое аудандық соты — Шаяхметова Марал Исақызы;
Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот — Оразбаев Салық Қанатұлы;
Өскемен қалалық соты — Орынбаева Диляра Ерленқызы;
Самар ауданы соты — Айтбаев Берік Бақытқанұлы.
Қызметінен босатылған судьялар:
Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Елемесов Бауыржан Жаумитбайұлы — судьяның тәртіптік теріс қылығы үшін Судьялар алқасының судьяны қызметінен босату туралы шешіміне сәйкес, судья өкілеттігін тоқтата отырып;
Алматы қалалық сотының судьясы Есжанова Гүлбарам — зейнеткерлікке шығуына байланысты;
Қарағанды облыстық сотының судьясы Қазтаева Айткамал Тоқтамысқызы — зейнеткерлікке шығуына байланысты;
Қостанай облыстық сотының судьясы Долгих Владимир Петрович — зейнеткерлікке шығуына байланысты;
Қызылорда облыстық сотының судьясы Жұынтаева Светлана Нағашыбайқызы — зейнеткерлікке шығуына байланысты;
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы Айсина Әлия Бектұрқызы — зейнеткерлікке шығуына байланысты.
Астана қаласы
Азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соттың судьялары:
Жангұлова Әлнара Бөкейханқызы — басқа жұмысқа ауысуына байланысты;
Искакова Әлия Мәуленқызы — зейнеткерлікке шығуына байланысты;
Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соттың судьясы Есенов Бақытжан Жұманалиұлы — қайтыс болуына байланысты.
Алматы қаласы
Алмалы ауданының № 2 аудандық сотының судьясы Нұрланов Берік Нұрланұлы — басқа жұмысқа ауысуына байланысты.
Абай облысы
Аягөз аудандық сотының судьясы Қажыақпаров Біржан Қуатұлы — өз еркімен;
Бесқарағай аудандық сотының судьясы Ахмеджанов Серікбосын Қалиханұлы — судья лауазымында болудың шекті жасына жетуіне байланысты.
Ақмола облысы
Сандықтау аудандық сотының төрағасы Сексенбаева Лариса Жазитқызы — зейнеткерлікке шығуына байланысты.
Ақтөбе облысы
Шалқар аудандық сотының төрағасы Дарикұлов Сақыпжамал Орманқызы — зейнеткерлікке шығуына байланысты.
Алматы облысы
Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың төрағасы Бейімбетов Жанар Адайбекқызы — өз еркімен, сол соттың судьясы ретінде қалдырылды.
Батыс Қазақстан облысы
Орал қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы Баймұханова Ботакөз Елеуқызы — зейнеткерлікке шығуына байланысты.
Қызылорда облысы
Қызылорда қаласының № 2 сотының төрағасы Жанабаев Балғабай Ұзайырұлы — судьяның тәртіптік теріс қылығы үшін Судьялар алқасының судьяны қызметінен босату туралы шешіміне сәйкес, судья өкілеттігін тоқтата отырып.
Павлодар облысы
Баянауыл аудандық сотының судьясы Қадырбекова Теңлік Әлімқызы — зейнеткерлікке шығуына байланысты.
Солтүстік Қазақстан облысы
Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың судьясы Досаева Айгүл Қозыханқызы –қайтыс болуына байланысты.
Түркістан облысы
Ордабасы аудандық сотының судьясы Қалықұл Алтай Өміртайұлы — зейнеткерлікке шығуына байланысты.