ШОБ субъектілерінің саны төрт жыл ішінде 2,2 млн-ға дейін өсті
11 Маусым 2026
Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Азамат Әмрин мәлімдеді.
Қазақстанда халық табысын арттыру бағдарламасы іске қосылған сәттен бастап негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің өсуі тіркелді.
«Жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 1,8 млн-нан 2,2 млн-ға дейін өсті, ал секторда жұмыспен қамтылғандар саны 4,5 млн адамға жетті. Экономикадағы ШОБ үлесі ЖІӨ-нің 40,9%-на дейін өсті, жұмыссыздық деңгейі 4,6%-ға дейін төмендеді, ал жұмысқа орналасқан азаматтар саны 912,8 мың адамға дейін өсті», — деді Азамат Әмрин.
Похожие новости