Целиноград ауданында жол құрылысына бөлінген 1 млрд теңгеден астам қаражат ұрланды
21 Маусым 2023
Aқмола облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бастығының орынбасары лауазымында бұрын істеген тұлға ұсталды.
Сот санкциясымен ол күзетпен ұстауға алынды.
Ол жол салуға бөлінген бюджеттік қаражатты аса ірі көлемде жымқыру фактісіне қатысы бар деген күдікке ілініп отыр.
Атап айтқанда, нақты жұмыстарды орындамай, бюджеттен 1 млрд 244 млн теңге алған.
Похожие новости