Жамбыл облысында ата-анасыз қалған 11 балаға жәрдемақы төленбеген

20 Сәуір 2026

Меркі ауданы прокуратурасы №9 колледж қызметінде кәмелетке толмағандардың құқығын сақтау мәселелері бойынша заңдылықтың жай-күйіне талдау жүргізілді.

canva
canva

Талдау нәтижесінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 11 кәмелетке толмаған балаға әлеуметтік жәрдемақының тиісті түрде төленбегені, сондай-ақ оларды ұйым қаражаты есебінен сауықтыру мекемелері мен лагерьлерге тегін жолдамалармен қамтамасыз ету мәселесінің қаралмағаны анықталды.

Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде оқушыларға тиесілі әлеуметтік жәрдемақы төленді.

Сонымен қатар оларды еңбек лагерлеріне және санаторий-курорттық мекемелерге жолдамалармен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданып жатыр.

Жамбыл облысының прокуратурасы кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылғанын хабарлады.

Тегтер: