Арман Қырықбаев Әзербайжанның Қазақстандағы елшісімен кездесті

20 Қараша 2026

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев Әзербайжан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алимирзамин Аскеровпен кездесті.

Мәдениет және ақпарат министрлігі
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Кездесуде тараптар мәдениет, музей ісі, бұқаралық ақпарат құралдары мен креативті индустрия салаларындағы ынтымақтастықты дамыту жөнінде пікір алмасты.

Арман Қырықбаев елшіні қызметке тағайындалуымен құттықтап, Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы тарихи, мәдени және бауырластық байланыстар екіжақты ынтымақтастықтың берік негізі екенін атап өтті.

Тараптар мәдени-гуманитарлық байланысты одан әрі нығайтуға ерекше назар аударды. Атап айтқанда, екі елдің мәдениет күндерін өткізу, музей және көрме жобаларын жүзеге асыру, креативті индустрия саласында тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевтің 2025 жылғы қазанда Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары кезінде жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес 2026-2028 жылдарға арналған мәдени ынтымақтастық бағдарламасын әзірлеу барысы сөз болды.

Тегтер: