Атырауда 86 мемлекеттік орган басшысы әкімшілік жауапқа тартылды

2 Шілде 2026

Атырау облысында прокурорлық қадағалау актілерінің нәтижесінде 44,5 млрд теңгеден астам бюджет қаражатының мақсатсыз жұмсалуына жол берілмеді. Бұл туралы облыстық прокуратураның алқа отырысында мәлім болды.

Бас прокуратура
Фото: Бас прокуратура

Прокуратураның мәліметінше, бюджет қаражатының заңды жұмсалуын қадағалау барысында негізсіз шығыстардың алдын алуға басымдық берілген. Қадағалау актілерінің нәтижесінде жалпы сомасы 44,5 млрд теңгеден астам бюджет қаражатының мақсатсыз жұмсалуына жол берілмеген.

Осы бағыттағы заң бұзуға байланысты мемлекеттік органдардың 86 басшысы әкімшілік жауаптылыққа тартылған.

Бұдан бөлек, облыстағы түзеу мекемелерінің инфрақұрылымына қатысты мәселе де қаралды. 1972 жылы салынған қолданыстағы тергеу изоляторы апатты деп танылған. Қазіргі уақытта жаңа тергеу изоляторын салуға арналған жер учаскесі айқындалып, жоба әзірленген.

Жергілікті атқарушы орган құрылысқа қажетті қаржы бөлу жұмысын жүргізіп жатыр.

Тегтер: