Ғалымдар қорықтағы аң-құстарға мониторинг жүргізді

26 Маусым 2026

9–12 маусым аралығында қорық аумағында жоспарлы ғылыми-зерттеу және мониторинг жұмыстары жүргізілді. Мамандар фототұзақтар орнатып, аң-құстардың тіршілігін бақылап, жиналған деректерді өңдеуге кірісті. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігінiң Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мәлім етті.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
Фото: Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

Комитеттің мәліметінше, ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің аға ғылыми қызметкерлері А.Пулатов, С. Турмагамбетов және қорғау бөлімінің мемлекеттік инспектор жүргізушісі Д. Атантаев қорық аумағында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізген.

Өңдеу жұмыстары Үстірт мемлекеттік табиғи қорығында жүргізіліп жатыр.

— Жылдық жоспарға сәйкес фототұзақтар орнатылып, деректер жиналды. Аң-құстардың тіршілігіне мониторинг жасалып, алынған мәліметтер базаға тіркеліп, өңделіп жатыр, — делінген хабарламада.

Қорық аумағында ауа-райы 9–11 маусымда оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 6–7 м/с, температура 25–35°С аралығында болды. 12 маусымда ауа температурасы 40°С-қа дейін көтеріліп, аптап ыстық байқалды.

Тегтер: