Қазақстаннан Дубайға рейстер 31 мамырға дейін тоқтатылды

23 Сәуір 2026

Таяу Шығыстағы шиеленістің жалғасуына байланысты Air Astana әуекомпаниясы Дубай бағыты бойынша тұрақты рейстердің уақытша тоқтатылуын 31 мамырға дейін ұзартты.

canva
Фото: canva

– Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Дубайға тұрақты рейстердің уақытша тоқтатылуы 31 мамырға дейін ұзартылды. Орындалмайтын рейстер жолаушыларына әуе билеттерінің толық құнын айыппұлсыз қайтару немесе сол қызмет көрсету класында 31 шілдеге дейін ұшатын рейстерге тегін қайта брондау ұсынылады.

Сондай-ақ тариф пен әуежай алымдарындағы айырманы төлеу арқылы 31 шілдеге дейін Air Astana рейстеріне бағытты тегін өзгерту мүмкіндігі қарастырылған, – делінген хабарламада.

Егер билет бұрын айыппұл ұсталып қайта брондалған болса, ұсталған сома қайтарылмайды.

Әуекомпания өңірдегі жағдайды бақылауды жалғастырып, қосымша өзгерістер болған жағдайда жолаушыларды хабардар етеді.

Тегтер: