Күшті жел: Астанада дауылды ескерту жарияланды

21 Маусым 2025

21 маусымда елордада қолайсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

kaztag.kz
kaztag.kz

Синоптиктердің мәліметінше, мынадай құбылыстар болады: найзағай, бұршақ, қатты дауыл, желдің жылдамдығы 15–20 м/с-қа дейін күшейіп, кей жерлерде 23–28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті сақтық шараларын сақтауды ұсынады. Атап айтқанда, қала тұрғындары мен қонақтарына:

қатты жел мен аптап кезінде орман және дала маңында демалудан бас тарту;

найзағай кезінде ағаш астына тығылмау және көшеде электрониканы пайдаланбау;

ауа райы күрт нашарлаған жағдайда үйде болуға тырысу ұсынылады.

Тегтер: