LRT жолақысын Face ID, ақылды сағат және смартфон арқылы төлеуге болады
Елордадағы LRT жолақысын арнайы LRT көлік картасы, бір реттік билет, банк карталары және мобильді қосымшалар арқылы төлеуге болады. Бұл туралы «City Transportation Systems» ЖШС басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаев айтты.
LRT көлік картасының құны 1000 теңгені құрайды.
Жолаушылар жолақысын Apple Pay және Samsung Pay сервистері арқылы смартфон немесе ақылды сағатпен төлей алады. Сонымен қатар, Halyk Bank пен Kaspi Bank мобильді қосымшаларындағы QR-код арқылы төлеуге болады.
Бұдан бөлек, жолаушылар бір реттік билеттерді LRT кассаларынан немесе арнайы TVM автоматтары арқылы сатып ала алады.
Жеңілдік және мектеп карталарын пайдаланатын жолаушылар үшін жол жүру тегін болады. Атап айтқанда, Астанада тұрақты тіркеуі бар 7-18 жас аралығындағы оқушылар, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес жеңілдік санатына кіретін азаматтар LRT қызметін тегін пайдалана алады.
Ал атаулы LRT көлік картасын рәсімдеу құны 1200 теңгені құрайды.