Маңғыстауда құны 870 млн теңгелік 50 гектар жер мемлекет меншігіне өтті

17 Маусым 2026

Көлік прокуратурасы мемлекетке құны 870 млн теңге 50 гектар жерді қайтарғаны белгілі болды.

АШМ
Фото: АШМ

Маңғыстау көлік прокуратурасы әуе аймақ маңындағы аумақта қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын орналастыру үшін заңсыз берілген жер учаскесін анықтады.

— Жер заңнамасын бұза отырып, бұл учаске 10 жылдан астам уақыт бойы өзінің нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша кадастрлық құны 870 млн теңгені құрайтын жер мемлекет меншігіне қайтарылды, — делінген хабарламада.

Ведомство мемлекеттік мүдделерді қорғауды және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, әуе маңындағы аймақтардағы бұзушылықтарды анықтау жұмыстарын жалғастырады.

Тегтер: