Президент Жолдауын іске асыру: Үкімет Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын бекітті

3 Қараша 2026

Бүгін Үкімет отырысында Мемлекет басшысының биылғы 28 қазандағы «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының» жобасы мақұлданып, тиісті қаулы қабылданды.

Үкімет
Фото: Үкімет

— Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы Жолдаудың негізгі бағыттары мен Мемлекет басшысының бастамалары аясында қойылған міндеттерді сапалы әрі жедел шешуге бағытталып отыр. Үкімет макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, өнеркәсіп пен агроөнеркәсіп кешенін дамыту, көлік және энергетика инфрақұрылымын жаңғырту, әлеуметтік қолдаудың тиімділігін арттыру, сондай-ақ мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мәселелеріне баса мән беруі керек, — деді Премьер-министр Олжас Бектенов.

Оның айтуынша, әкімдіктер өңірлердегі инфрақұрылымдық жобаларды сапалы жүзеге асырып, әлеуметтік нысандардың құрылысын, су ресурстарын тиімді пайдалануды қамтамасыз етуге тиіс.

— Заң жобаларын уақтылы әзірлеп, Құрылтай қарауына енгізу қажет. Жоспардың әрбір тармағын қаржыландыру мәселесін мұқият пысықтаңыздар. Басты міндет — іс-шаралардың барлығын тиімді әрі дер кезінде орындау. Орынбасарларыма бекітілген міндеттерге сәйкес әрбір тармақтың жүзеге асырылуын бақылап, үйлестіруді тапсырамын, — деді Үкімет басшысы.

Тегтер: