Щучьеде велоспорттан тасжолдағы Қазақстан чемпионаты өтеді

10 Маусым 2026

Щучье қаласында велоспорттан тасжолдағы Қазақстан Республикасының чемпионаты ұйымдастырылады, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.

ҰОК
Фото: ҰОК

Республикалық турнир аясында ересектер, жастар және жасөспірімдер арасындағы ең мықты спортшылар анықталады.

Жүлделер жекелей жарыс, топтық жарыс және командалық жарыстар бойынша сарапқа салынады.

Қазақстан чемпионаты 19-28 маусым аралығында өтеді.

Тегтер: