Талдықорғанда «синтетика» таратумен айналысты деген күдікпен ерлі-зайыпты ұсталды

19 Маусым 2026

Құқық қорғау органдарының жүйелі және мақсатты жұмысының нәтижесінде қоғамға, әсіресе жастарға қауіп төндіретін тыйым салынған заттарды тарату арналар анықталып жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қалалық ПД
Фото: Алматы қалалық ПД

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер Талдықорғанда синтетикалық есірткіні өткізумен айналысты деген күдікпен ерлі-зайыптыны ұстады. Олар — Алматы қаласының 33 және Алматы облысының 43 жастағы тұрғыны.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдіктілер мессенджерлердің бірі арқылы куратордан нұсқау алып, тыйым салынған заттарды жасырын орындарға қалдырып жүрген. Жеке тінту және кейінгі тергеу әрекеттері барысында олардан ұнтақ тәрізді зат салынған орамалар, сондай-ақ есірткілерді өлшеп-орауға және таратуға арналған заттар тәркіленді.

Сонымен қатар Талдықорған қаласындағы уақытша тұрып жатқан мекенжайларында жүргізілген тінту кезінде қосымша есірткі заттары мен олардың заңсыз қызметпен айналысқанын айғақтайтын құрал-жабдықтар анықталды.

Есірткінің заңсыз айналымы азаматтардың қауіпсіздігіне елеулі қатер төндіріп, адамдардың тағдырын бұзып, қылмыстың өсуіне ықпал етеді.

Сондықтан мұндай құқықбұзушылықтардың жолын кесу — құқық қорғау органдарының маңызды міндеттерінің бірі. Тергеу әрекеттерінің нәтижесінде заңсыз айналымнан жалпы салмағы 260 грамм мефедрон тәркіленді.

-Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасып жатыр. Полиция есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымына байланысты қылмыс үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында қатаң қылмыстық жауапкершілік көзделгенін еске салады,-делінген хабарламада.

Тегтер: