Астанада 1000 студент Қазақстан картасын жасап, флешмоб өткізді

6 Мамыр 2026

Елордада Отан қорғаушылар күні қарсаңында ASTANA POLYTECHNIC жоғары колледжі студенттері ауқымды патриоттық флешмоб өткізді.

Астана қаласының әкімдігі
Фото: Астана қаласының әкімдігі

«Жаңа күннің дауысы» атты іс-шараға 1000 студент қатысып, бірлесіп Қазақстан картасының композициясын жасады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шараның басты мақсаты – жастардың отансүйгіштік рухын нығайту, елге деген құрметті арттыру және ұлттық бірлікті дәріптеу. Сонымен қатар, ұйымдастырушылар әрбір жас буынның ел болашағына жауапты, білімді әрі саналы азамат ретінде қалыптасуына бағыт беруді көздеді.

Флешмоб барысында студенттер бірлік пен ынтымақтың үлгісін көрсетіп, жаңа буынның ел дамуына қосар үлесі зор екенін айқын көрсетті.

Тегтер: